Жоғары қан қысымы (гипертония)
- Medprevention KZ
- Sep 28, 2019
- 4 min read
Updated: Oct 3, 2019
Жоғары қан қысымы (Гипертония) - кең таралған ауру. Бұл мақалада сіз жоғары қан қысымының себептері, белгілері, қауіптілігі және емделуі жөнінде оқи аласыз!
Aнықтамасы
Жүректің әр соққысында қанның жүректен тамырға құйылуынан қан қысымы пайда болады. Жүректің соғысына байланысты қан қысымының екі өлшемі болады:
Cистолалық (үстінгі сан) қан қысымы - жүрек жиырылу кезеңінде пайда болады; қан жүректен негізгі артерияға (аортаға), одан дененің басқа аймақтарына жіберіледі.
Диастолалық (астыңғы сан) қан қысымы - жүрек бұлшық еті қанмен қайтадан толтыру кезеңінде пайда болады; тамырларда әлі де қысым болады, бірақ ол систолалық қысымнан төмен.
Қан қысымы тұрақты емес. Мысалы, қобалжу және физикалық күш салу қан қысымын жоғарылатуы мүмкін, ал тынығу немесе ұйқы кезінде ол едәуір төмендеуі мүмкін. Бұл қан қысымының ауытқуы қалыпты және бұл ағзаның әр түрлі жағдайларға бейімделу үшін қажет.
Қан қысымы сынап миллиметрмен өлшенеді. Мысалы, 126/79 (мм рт.ст.) - систолалық қан қысым 126 және диастолалық қысым 79 дегенді білдіреді.
WHO=World Health Insurance - Дүние жүзілік медицина мамандары бірліккен ақпараты бойынша, қалыпты қан қысымы: систолалық 120-129, диастолалық 80-84.

Жоғары қан қысымының қауіпі
Жоғары қан қысымы жүрекке және оны жеткізетін тамырларға (коронарлық тамырларға - жүрек тамырларға), басқа қан тамырларына, ми мен бүйрек сияқты маңызды органдарға үнемі зиян келтіреді. Бұл өмірге қауіпті ауруларды тудыруы мүмкін.
Жүректе жоғары қан қысымы коронарлық артериялардың артериосклерозын (тамырлы кальцификация) асқындыруы мүмкін. Бұл жүректің ишемиялық ауруына, жүрек жеткіліксіздігіне, жүрек аритмиясына, тіпті жүрек инфарктіне де әкеліп соқтыруы мүмкін.
Қан қысымы жоғары адамның инсульт алу мүмкіндігі дені сау адамға қарағанда көбірек. Жоғары қан қысымынан туындаған қан айналым бұзылыстары мидың ең кішкентай тамырларына да әсер етуі мүмкін (микроангиопатия). Бұның салдарынан ми оттегімен және қоректік заттармен жеткілікті қамтамасыз етілмей қалады. Бұл мидың жұмысын нашарлатады және ерте ақыл-ойдың бұзылуына ықпал етеді (тамырлық деменция).
Уақыт өте келе қан тамырларының зақымдануы бүйректер мен олардың жұмысына әсер етеді. Мүмкін болатын зардаптарға бүйректің дұрыс жұмыс жасамауы және бүйректің мүлде жасамай қалуы кіреді.
Жоғары қан қысымының салдарынан, яғни, қан айналымының бұзылуынан дененің басқа аймақтарына да теріс әсері тиеді. Мысалы, аяқтарда шеткі артериялық окклюзиялық ауру (PAOD) дамуы мүмкін. Көздің пигмент қабығының зақымдалуы көру қабілетінің нашарлауына (гипертониялық ретинопатия) әсер етуі мүмкін.
Медицинада "Гипертониялық криз" ұғымы бар. Бұл қан қысымның күрт көтеріліп, систолалық 230 (мм рт.ст. )және / немесе диастолалық 130 (мм рт.ст.) дейін жетуі. Белгілері - бас ауруы/айналуы, жүрек айнуы және құсу болуы мүмкін. Қан қысымының мұндай қатты көтерілуінен органдар жұмыс жасамай қалулары мүмкін, бұл жағдай өмірге өте қауіпті, сондықтан тез арада жедел жәрдем дәрігеріне хабарласу керек (жедел жәрдем нөмірі: 103)! "Гипертониялық криз" көбінесе созылмалы жоғары қан қысымы бар науқастарда кездеседі.
Белгілері
Пациенттердің көпшілігінде жоғары қан қысымының айқын белгілері байқалмайды, сондықтан тамырдағы қысымның жоғарылауы көбінесе ұзақ уақыт бойы білінбейді. Сол себепті, дәрігерлер, жоғары қан қысымын - «үнсіз» қауіп деп есептейді.
Жоғары қан қысымының белгілеріне мән беру өте маңызды:
Бастың айналуы
Бастың ауруы
Ұйқының бұзылуы
Жүректің айнуы
Құлақтың шыңылдауы
Мұрынның жиі қанауы
Қолдың дірілдеп, жүректің соғуы
Ұйқысыздық
Тез шаршау
Ентігу
Бастың ауруы, әсіресе ұйқыдан оянғаннан кейін көп ұзамай басталады. Бұл түнгі жоғары қан қысымының салдары; ұйқы кезінде әдетте қан қысымы төмендейді. Егер қан қысымы түнде де төмендемесе, ұйқының бұзылуына әкелуі мүмкін. Аздап қызарған бет - кейде көзге көрінетін қызыл тамырлар - бұл да жоғары қан қысымының белгісі.
Кейбір адамдарда суық мезгілінде жоғары қан қысымының белгілері артады.
Себептері
Дәрігерлер жоғары қан қысымының себептеріне байланысты екі түрін ажыратады:
Бастапқы жоғары қан қысымы: жоғары қан қысымының туындауының себебі әзірге белгісіз. Алайда, жоғары қан қысымының бұл түрінің дамуына себеп болатын бірнеше факторлар белгілі:
Жоғары қан қысымына отбасылық бейімділік
Артық салмақ (дене салмағының индексі = BMI> 25)
Аз қозғалу
Тұзы көп тағамдар
Алкоголь
Калийді аз қабылдау (көп мөлшерде калий жаңа піскен жемістер мен көкөністерде, кептірілген жемістерде немесе жаңғақтарда болады)
Темекі
Жастың ұлғаюы
Жүйке күйзелісі
Қосымша жоғары қан қысымы: жоғары қан қысымының туындауының себебі: басқа аурулар. Бұл, мысалы, бүйрек ауруы, қалқанша безінің қызметінің бұзылуы немесе зат алмасу бұзылыстары.
Диагноз
Қан қысымы жоғары бола тұра, көптеген адамдар жылдар бойы оны байқамай өмір сүреді. Олар өздерін жақсы сезінеді, өйткені артериялық қысымның жоғарылауы ұзақ уақытқа дейін қолайсыздық тудырмайды. Сондықтан, қан қысымды үнемі тексертіп жүру маңызды!
Жоғары қан қысымды анықтауға арналған ең маңызды медициналық зерттеу - бұл қан қысымын өлшеу. Алайда, бір рет өлшеу қан қысымының емделуге қажеттігі немесе қажет еместігі туралы ештеңе айтпайды. Жоғары қан қысымы диагнозын қою үшін ұзақ уақыттық (24 сағаттан астам) өлшеу қажет. Бұл арқылы дәрігер күнделікті ауытқуларды да байқай алады. Қан қысымын өлшеу қауіпті емес, әдеттегі тексеру болып табылады.
Қосымша диагностикалық зерттеулер
Кейбір кезде қан қысымды анықтаудан бөлек қан, дәрет (зәр) зерттеу және ультрадыбыстық тексеру қажет болады. Олар қан қысымының себептерін ажыратуға көмектеседі.
Ем беру
Жоғары қан қысымын қан қысымының деңгейіне және себептеріне байланысты емдейді. Дәрігер емделу жоспарына пациенттің жасын, қант диабеті сияқты тағы басқа ауруларын және жүрек инфаркті немесе инсульт сияқты аурулардың қауіпін ескереді.
Қан қысымын төмендету үшін өзіңіз не істей аласыз?
Жоғары қан қысымының емі - өмір салтын өзгерту болып табылады. Бұған, артық салмақты азайту, дұрыс тамақтану және тұрақты жаттығулар жасау кіреді.
Сондай-ақ, жүрек-қан тамырлары қауіпін күшейтпеу үшін қан қысымы жоғары пациенттерге темекі шегуден бас тартқаны жөн.
Жоғары қан қысымына қарсы дәрі-дәрмектер
Егер өмір салтын өзгерту қан қысымын төмендету үшін жеткіліксіз болса, дәрігер қосымша жоғары қан қысымына қарсы дәрі-дәрмектер береді (антигипертензивтер). Жоғары қан қысымын емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің бес негізгі тобы бар:
АПФ - ингибиторлары
АТ1-антагонисттері
Бета блокаторлар
Диуретиктер («су таблеткалары»)
Kальций-антагонисттері
Дәрі-дәрмектің қайсысы қолайлы екендігі жағдайға байланысты. Kейде бір дәрі қабылдау жоғары қан қысымын төмендету үшін жеткілікті (монотерапия), ал басқа жағдайларда дәрі-дәрмектерді қосып қабылдау қажет (аралас терапия).
Жоғары қан қысымының қосымша түріне дәрі қабылдау жеткіліксіз. Ол кезде негізгі ауруды емдеу керек, мысалы, қалқанша безінің қызметін қалыпқа келтіру.
Әдетте қан қысымы неғұрлым тез анықталса және емделсе, инфаркт немесе инсульт сияқты асқынулардың қауіпі соғұрлым төмен болады. Сол себепті, жоғары қан қысымы бар науқас дәрігердің қарауында жүйелі түрде тексеріліп тұру керек.

Comments